🌧️
15°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас патриоттар жарысы

    22.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Жас патриоттар жарысы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған «Шекаралық ойындар – 2026» әскери-патриоттық жарысы жас буынның бойындағы отансүйгіштік рухты асқақтатқан тағылымды шараға айналды. Ауқымды сайысты ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Сержанттар құрамын даярлау бөлімі ұйымдастырып, оған алып шаһардың сегіз ауданынан келген тоғыз команда қатысып, өзара бақ сынасты.

    Айта кету керек, полковник Алмас Базарқұлов жетекшілік ететін бөлім бұған дейін Наурызбай ауданындағы №176 және №188 мектеп-гимназияларымен бірлесіп, «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубтарын ашу жөнінде келісім жасаған болатын. Содан бері бөлімнің әскери қызметшілері аталған білім ордаларында жиі болып, өскелең ұрпақпен түрлі патриоттық кездесулер мен тәрбиелік шараларды тұрақты өткізіп келеді. Бұл бастама жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында елге деген сүйіспеншілікті де нығайта түсті.

    Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің стадионында өткен салтанатты шараға департамент бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы полковник Фархат Жалмағамбетов, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

    Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған додада алғашқы болып сөз алған департаменттің бас тәлімгері полковник Фархат Жалмағамбетов жүрегінде елге деген адалдық оты маздаған жастардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол тұңғыш рет өткізіліп отырған «Шекаралық ойындар – 2026» әскери-патриоттық жарысы жасөспірімдерді Отанға қалтқысыз қызмет етуге баулитын маңызды алаңға айналатынына сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Сайысқа қатысқан командалардың арасында №176 мектеп-гимназия жанындағы «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері ерекше көзге түсті. Команда капитаны Әлихан Бауыржан бастаған жас өрендер ұрыс жекпе-жегінің әдіс-тәсілдерін кәсіби деңгейде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

    Көп ұзамай жарыс кезеңдері басталып, қатысушылар алғашқы тапсырма бойынша автоматты жартылай бөлшектеп, қайта құрастыру нормативтерін орындауға кірісті. Бұдан кейін олар келесі нүктеге жүгіріп жетіп, белгіленген уақыт ішінде жалпыәскери қорғаныс құралдарын кию бойынша сыннан өтті. Әр кезең шапшаңдық пен дәлдікті, төзім мен жинақылықты талап етті. Ал нысана көздеу кезеңінде қатысушылар оқу гранатасын жиырма метр қашықтықтағы шеңберге дәл түсіруге тырысты. Бұл сында болар-болмас қателіктің өзі ұпайдан қағатыны анық сезілді.

    Жарыс барысында командалар да, оларды дайындаған алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары да жеңіс үшін бар күш-жігерін салды. Дегенмен, додада нағыз мықтылар ғана топ жарып шығатыны белгілі. Қаруды шашып-жинаудан басталған тартыс арқан тарту сайысына ұласты. Қос команда екі жақтан тартысқа түскен сәтте болат арқан қыл көпірдей керіліп, әр қозғалыстан жігер мен бірліктің, қайсарлықтың лебі сезілді. Бұл кезең көрермендердің ерекше қызығушылығын оятты. Әсіресе №176 мектеп-гимназиясының намысын қорғаған «Жас шекарашы» клубының мүшелері қарсыластарын өз жағына қарай жұлқи тартып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Жалпы сайыс қорытындысы бойынша Алмалы ауданындағы №136 мектеп-гимназиясының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Наурызбай ауданындағы №176 мектеп-гимназиясының оқушыларына бұйырса, үшінші орынды Әуезов ауданындағы №173 мектеп-лицейінің командасы иеленді. Жеңімпаздар арнайы грамоталар және кубоктармен марапатталды.

    Тартысты жарыстың соңында Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының тәжірибелі кинологы, кіші сержант Шалқар Наурызбай көрермендерге қызметтік итті басқарудың тәсілдерін көрсетті. Ол дыбыстық пәрмен мен ым-ишара арқылы бұйрық берудің ерекшеліктерін таныстырып, өзіне бекітілген Тай есімді шекарашы иттің кәсіби дайындығын паш етті. Талай байқауда топ жарған Тай әр пәрменді мүлтіксіз орындап, әсіресе балаларға ерекше әсер сыйлады.

    Бүгінгі сайыс алаңында сыналған жас өрендер ертең ел шебін күзетер айбынды сарбазға айналары хақ. Өйткені, шекара рухы – батылдық пен адалдықтың мектебі.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА

    ҰҚК Шекара қызметі

    Алматы облысы бойынша департаменті

    Соңғы жаңалықтар

    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    Тексеріс нәтижесі қандай?
    22.05.2026
    Жас патриоттар жарысы
    22.05.2026
    ҰҚК Шекара академиясы полигонына – 75 жыл!
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>