⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Мамыр 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әлеуметтік жобалар сапасы талқыланды

    22.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Әлеуметтік жобалар сапасы талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық әкімдікте 2026 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалар талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

    Жиында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жетілдіру, әлеуметтік жобалардың сапасын арттыру және оларды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен үйлестіру мәселелері кеңінен сөз болды. Қазіргі таңда облыстағы ҮЕҰ-лар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар бастамаларын дамыту, қоғамдық келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

    Кездесу барысында 2026 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалардың мазмұнына ерекше назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев әлеуметтік жобалар нақты нәтиже беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталуы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, формалды сипаттағы жобалардан гөрі халыққа шынайы пайда әкелетін бастамаларға басымдық берілуі тиіс.

    – Әлеуметтік жобалар жай ғана есеп үшін өткізілетін іс-шара болмауы керек. Әрбір бастама қоғамға нақты әсер етіп, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бастамасы барлық жобалардың негізгі өзегіне айналуы қажет, – деді Ғани Айдарұлы.

    Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық кеңестердің әлеуетін күшейту, азаматтық белсенділікті дамыту және экологиялық мәдениетті насихаттау бағытындағы жобалар таныстырылды. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің дамуына серпін беретін, жергілікті бастамаларды қолдауға арналған конкурстар өткізу жоспарланып отырғаны айтылды. Отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері де талқыланды. Мониторинг барысында кейбір өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау талаптарының толық сақталмағаны анықталған. Осыған байланысты алдағы уақытта жобаларды жоспарлау кезінде ашықтық пен қоғамдық талқылау тетіктерін күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Ерекше көтерілген тақырыптардың бірі – әскери-патриоттық тәрбие мәселесі болды. Қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси ахуал жастар арасында отансүйгіштік рухты күшейтудің маңызын арттырып отыр. Осы орайда әскери қызметтің беделін көтеру, жастардың ел қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін нығайту бағытындағы жобаларды көбейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік жобаларды әзірлеу барысында қоғамдағы нақты сұраныстарды ескеру мәселесіне назар аударылды. Жиынға қатысушылар әлеуметтік бастамалар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, ел ішінде нақты өзгеріс әкелуі керек деген пікір білдірді. Әсіресе құқықтық мәдениет, экология, қоғамдық тәртіп, жастар тәрбиесі мен азаматтық жауапкершілік бағытындағы жұмыстарды күшейту маңызды екені айтылды.

    Кездесу қорытындысында барлық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне әлеуметтік жобаларды қайта саралап, олардың мазмұнын мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына сәйкестендіру тапсырылды. Сонымен бірге азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты күшейтіп, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.

    Жалпы, жиында көтерілген мәселелер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қоғам үшін маңызын тағы бір мәрте айқындап берді. Өйткені әлеуметтік жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сапасын жақсартып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге нақты үлес қосу.

    Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

    Соңғы жаңалықтар

    Шелек ауылында қос бірдей думанды шара өтті
    22.05.2026
    Балқаш ауданында спорт кешені ашылды
    22.05.2026
    Әлеуметтік жобалар сапасы талқыланды
    22.05.2026
    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>