“Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында мемлекеттен несие алып, шаруаларын дөңгелетіп жатқан тұрғындар Балқаш ауданы аумағында баршылық. Солардың бірі — бақанастық Спанбетовтер отбасы. Бүгінде олар алған несиені тиімді пайдалануда.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 6 бас сауынды сиыр сатып алып, оның сүтін сатып, күнделікті шығындарын жапса, ал құрт, ірімшік, май өнімдерін ауылдастарының сұранысына орай пұлдап отыр.
Сүтті бағыттағы сиырларының жағдайы жақсы, күйлі. Төрт мезгіл жем-шөппен қамтамасыз етілген.
Мемлекет тарапынан беріліп отырған жеңілдікті тиімді пайдаланып отырған Нұрланбек пен зайыбы Әсияның бейнетке толы жұмыстары бұдан ары да өз жемісін бере берсін деген тілектеміз!
Күмісбек Ербаев
журналист
