Перейти к содержимому
Главная страница » Шеңгелді ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Шеңгелді ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

7 маусым күні Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлауға әкім болуға үміткер үш адам түсті.

Сайлау нәтижесі бойынша 2523 адам Жандос Манеевке, 402 адам Ертай Құрманалиевке, 380 адам Қанат Азаматовқа дауыс берген. Ал 188 адам 3 үміткерге де қарсы дауыс берген. Жалпы сайлаушылардың саны – 5371, оның 3602-сі сайлауда өз таңдауын жасады.

Жандос Манеев 1992 жылы туған.

Білімі – жоғары, 2015 жылы Т.Рысқұлов ат. Жаңа экономикалық университетін, ал 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Мамандығы – қаржы және құқықтану.

Еңбек жолы жеке секторда басталған: 2012-2013 жылдары «АЛАТРАК» ЖШС логист маманы болып жұмыс істеген. Кейіннен осы компанияда бөлім басшысы, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған.
2016-2018 жж. «АЖК» АҚ-да Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы; 2018-2020 жж. «AKS Service» ЖШС-де коммерциялық директоры секілді бірнеше қызметтерде болған.
2024-2026 жж. Қонаев қаласы әкімдігінің «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС директоры, 2026 жылдың 7 сәуірінен Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.