Перейти к содержимому
Главная страница » Тазалық өзіңнен басталады: Заречный ықшам ауданында сенбілік өтті

Тазалық өзіңнен басталады: Заречный ықшам ауданында сенбілік өтті

Алатау қаласына қарасты Заречный ықшам ауданында «Тазалық – өзіңнен басталады» қағидаты аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына қала әкімдігінің қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, білім, мәдениет және басқа да мекеме өкілдері белсенді қатысты. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар, арық жүйелері мен жасыл аймақтар тазартылып, ретке келтірілді.

Қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде шамамен 2,5 тонна тұрмыстық және өзге де қалдықтар шығарылып, арнайы полигонға жөнелтілді.

Мұндай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Тазалық – тек сенбілік күні ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Өйткені таза қала – тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі. Алатаулықтар алдағы уақытта да қаланың тазалығы мен көркеюіне бірлесе атсалыса береді.

Алатау қаласы әкімінің баспасөз қызметі