Перейти к содержимому
Главная страница » Салық төлеу азаматтық борыш әрі міндет

Салық төлеу азаматтық борыш әрі міндет

Қазақстан Республикасында көлік құралдарына салынатын салық – әрбір көлік иесінің заңмен белгіленген міндеті. Бұл салық мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды бөлігі болып табылады және елдің әлеуметтік-экономикадамуына бағытталады. 2026 жылы көлік салығын төлеу тәртібі қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты, салық төлеушілердің көлік салығын уақтылы төлеуі аса маңызды.
Жақында Есік қаласы аумағында көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі бар азаматтарды анықтау және салық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының және Есік қаласы әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында көлік салығы бойынша берешегі бар автокөлік иелері анықталып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары мен салықтық міндеттемелерді уақытылы орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірқатар автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.