Алатау қаласының Жетіген ықшамауданындағы Төлеби көшесіне алғаш рет асфальт төселді.
Елу жылдан астам уақыт бойы бұл көшеде асфальт болмаған. Жаңбырлы күндері батпаққа, жазда шаңға айналған жол тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық туғызатын. Енді көптен күткен мәселе өз шешімін тауып, көшеге сапалы асфальт жабыны төселді.
Бұл – жай ғана жол құрылысы емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Жаңартылған көше көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жаяу жүргіншілерге де қолайлы жағдай жасайды.
Тұрғындардың көп жылғы тілегі орындалып, Төлеби көшесі жаңа келбетке ие болды. Бұл игі іс – халықтың сұранысына құлақ асып, елді мекеннің инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту бағытындағы нақты жұмыстардың нәтижесі.
Жаңарған жол – тұрғындарға жасалған нақты қамқорлық, ел игілігіне бағытталған маңызды бастама.
Алатау қаласының әкімдігі

