Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз қоғам құру — әр азаматтың жауапкершілігі

Қауіпсіз қоғам құру — әр азаматтың жауапкершілігі

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Бүгінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар құқық қорғау органдарының қызметімен ғана шектелмейді. Азаматтық қоғам институттары, еріктілер, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастық қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды тетігіне айналып отыр.
«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде. Аула тұрғындарының бастамалары, көршілердің өзара бақылауы, қоғамдық кеңестердің жұмысы да құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етеді.
Қоғамдық қауіпсіздік – тек полицияның міндеті емес. Күдікті жағдайды дер кезінде хабарлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және өзара сыйластық таныту арқылы әрбір азамат қауіпсіз қоғам құруға үлес қоса алады.
Қауіпсіз орта – бірлескен еңбектің жемісі. Мемлекет пен қоғам күш біріктіргенде ғана әр адамның өмірі мен құқықтары сенімді қорғалады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ