Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткісіз болашақ – саналы таңдау

Есірткісіз болашақ – саналы таңдау

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның өміріне, отбасына және қоғамның қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Бір рет байқап көрудің өзі тәуелділікке алып келіп, адамның болашағына балта шабуы мүмкін. Сондықтан есірткі қылмысының алдын алу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтіп, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратудың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар жастар арасында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде.
Есірткіге қарсы күресте әрбір азаматтың қырағылығы маңызды. Әлеуметтік желілерде немесе көшелерде есірткі жарнамасын байқасаңыз, мұндай деректерді құқық қорғау органдарына хабарлау – қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Сондай-ақ жастарды күмәнді ортадан аулақ ұстап, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Өмірдегі ең үлкен байлық – денсаулық пен еркіндік. Есірткі уақытша әсер сыйлағандай көрінгенімен, оның салдары адамның арманына, біліміне, мансабына және жақындарының бақытына орны толмас зиян келтіреді.
Болашақты бүгінгі таңдаудан бастайық. Саналы шешім қабылдап, салауатты өмір салтын ұстану – өзіңді де, қоғамды да қауіптен қорғаудың ең тиімді жолы.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ