Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі. Балқаш ауданында отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Мамандар тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету жолдары жөнінде ақпарат береді. Отбасындағы өзара құрмет пен түсіністік қоғамдағы тұрақтылықтың негізі болып саналады. Әрбір азамат зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға жүгінуі тиіс. Бұл жұмыстар қауіпсіз әрі берекелі отбасы қалыптастыруға ықпал етеді.
Алтынай СЕЙІТКЕН

