Перейти к содержимому
Главная страница » Рейд жүргізілді

Рейд жүргізілді

Есік қаласы әкімі аппаратының мамандары Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп, қала аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Рейд барысында түнгі уақытта көшелер мен халық көп шоғырланатын орындар бақылауға алынып, заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғы анықталды.

Анықталған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.

Есік қаласы әкімінің аппараты