30 шілде күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Іле ауданында кезекті санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға 2 500-ге жуық тұрғын қатысып, аудан бойынша 22 гектар аумақ тазартылып, 35 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл жолғы акция тарихи-мәдени мұра нысандарын күтіп ұстауға арналды. Ауданның саябақтары, скверлері, қоғамдық кеңістіктері мен ескерткіштері маңында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Іле ауданында экологиялық акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

