Перейти к содержимому
Главная страница » Тазалық бар жерде — береке бар

Тазалық бар жерде — береке бар

Елімізде республикалық экологиялық «Таза қазақстан» бағдарламасы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.

Осы жауапкершілікті терең сезінген Кеген ауданының белсенді де жігерлі жастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында бас қосып, өңірді тазарту мен көркейтуге өздерінің сүбелі үлестерін қосты.

Акцияның ашылу салтанатында аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аслан Мерғалиұлы аталған іс-шараның мән-маңыздылығына тоқталып өтті.

-Әр азамат- тазалықты өз үйінен бастау керек. Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат. Сондықтан, жастарды осы акцияға жұмыла кірісуге шақырамын,-деді ол.

Одан әрі акция қатысушылары «Шарын» шатқалымен «Аласа» асуында тазалық жұмыстарын жүргізді.

          «Шарын» шатқалы мен «Аласа» асуы-бұл жай ғана табиғаттың сұлу көрінісі емес, бұл- бабаларымыздан қалған баға жетпес аманаты, еліміздің мақтанышы. Осындай әсем де бірегей табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу ар-ожданымыз бен ортақ міндетіміз.

Бұл сенбілік-жай ғана қоқыс жинау шарасы емес. Бұл-жастардың бірлігі мен ауыз біршілігінің, туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігімен патриотизмінің айқын көрінісі.

Өйткені туған өлкеге, атамекенге деген нағыз қамқорлық сөзден емес, нақты істен-әрбір кішкентай қадамнан басталады!

Ел болашағы-жауапты, саналы жастардың қолында!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы