Перейти к содержимому
Главная страница » Азаматтық жауапкершілік — қауіпсіз қоғамның негізі

Азаматтық жауапкершілік — қауіпсіз қоғамның негізі

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық әрбір азаматтың заңға деген құрметінен басталады. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар Балқаш ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Қауіпсіз орта қалыптастыруда тұрғындардың белсенділігі ерекше маңызға ие. Күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және заң талаптарын сақтау – ортақ қауіпсіздікке қосылған үлес. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесулер ұйымдастырылып келеді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі әрбір азаматтың саналы әрекетіне байланысты.

Алтынай СЕЙІТКЕН