Мүлікті қорғау мәселесі әрбір азамат үшін маңызды. Балқаш ауданында тұрғындарға ұрлықтың алдын алу және жеке қауіпсіздікті күшейту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қорғанысын күшейтуге, заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалануға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар көршілік бақылауды дамыту да оң нәтиже беріп келеді.
Қырағылық таныту көптеген құқық бұзушылықтың алдын алады. Өз мүлкіне жауапкершілікпен қараған адам өз қауіпсіздігін де нығайта түседі.
Алтынай СЕЙІТКЕН

