Жастардың денсаулығы мен жарқын болашағы – қоғамның басты байлығы. Сондықтан Балқаш ауданында есірткінің зиянын түсіндіруге және жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.
Мектептерде, колледждерде және жастар орталықтарында мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, зиянды әдеттердің салдары туралы кеңінен айтылуда. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беруде.
Есірткіден бас тарту – өз өміріңе деген жауапкершілік. Денсаулығы мықты ұрпақ қана елдің жарқын болашағын қалыптастырады.
Алтынай СЕЙІТКЕН

