Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірін сақтаудың ең тиімді жолы. Балқаш ауданында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, балаларды арнайы орындықпен тасымалдау және жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану жөнінде түсіндіруде. Білім беру ұйымдарында жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық сабақтар өткізіліп келеді.
Жолдағы тәртіп – әркімнің мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Ережені сақтау арқылы ғана қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
Алтынай СЕЙІТКЕН

