Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткі қылмысымен күрес – қоғамдық міндет

Есірткі қылмысымен күрес – қоғамдық міндет

Есірткі қылмысы – қоғамның қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына және жастардың болашағына зор қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың бірі. Заңсыз есірткі айналымы көптеген өзге қылмыстардың көбеюіне себеп болып, адам тағдырына ауыр зардап әкеледі.

Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымына, оны дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және таратуға қатысты жауапкершілік заңмен қатаң белгіленген. Құқық қорғау органдары есірткі арналарының жолын кесу, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қою бағытында тұрақты жұмыстар жүргізуде.

Дегенмен бұл бағыттағы күрес тек мемлекеттік органдардың күшімен шектелмеуі тиіс. Ата-аналар балаларымен тұрақты сөйлесіп, олардың ортасына, бос уақытын қалай өткізетініне назар аударғаны жөн. Білім беру ұйымдарында құқықтық және профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру да маңызды.

Егер азамат заңсыз есірткі айналымына қатысты күмәнді жағдайды байқаса немесе есірткі жарнамасын көрсе, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауы қажет. Азаматтардың белсенділігі көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және пайдалы орта қалыптастыру – есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолдарының бірі. Денсаулық пен қауіпсіздік – әр адамның ең үлкен байлығы екенін ұмытпаған жөн.