Азаматтардың мүлкін сақтау мәселесі әрқашан өзекті. Ұрлық фактілерінің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
Үйден шығар кезде есік-терезелердің жабық екеніне көз жеткізу, тұрғын үйге бейнебақылау орнату және күмәнді адамдар туралы дер кезінде хабарлау қауіпсіздікті арттырады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ұзақ уақытқа сапарға кеткеніңіз туралы ақпарат жарияламаған жөн.
Қырағылық пен жауапкершілік азаматтардың жеке мүлкін сақтауға көмектеседі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

