Есірткі – адамның денсаулығын ғана емес, оның болашағын да құрдымға жіберетін қауіпті індет. Сондықтан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, спорт пен шығармашылыққа баулу – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді тәсілдері. Әсіресе ата-аналардың бақылауы мен қолдауы маңызды рөл атқарады.
Салауатты өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден бас тарту әр адамның өмір сапасын жақсартып, қоғамның дамуына үлес қосады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

