Перейти к содержимому
Главная страница » Заң — бейбіт өмір кепілі

Заң — бейбіт өмір кепілі

Қоғамдық қауіпсіздік – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың алаңсыз өмір сүруінің басты кепілі. Әрбір адамның өз үйінде, көшеде немесе қоғамдық орында өзін қауіпсіз сезінуі қоғамдағы заң мен тәртіптің деңгейін көрсетеді. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті сақтау құқық қорғау органдарымен қатар, әрбір тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда тұрғындардың белсенділігі ерекше маңызға ие. Күмәнді жағдайларға немқұрайлы қарамау, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау көптеген келеңсіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді. Азаматтардың қырағылығы құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді ете түседі.

Қазіргі таңда қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Бейнебақылау жүйелері, жедел байланыс арналары және цифрлық қызметтер құқық бұзушылыққа жедел әрекет етуге жағдай жасап отыр. Дегенмен ең басты қауіпсіздік кепілі – заңды құрметтейтін қоғам.

Қауіпсіздік әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Өз құқығымен қатар өзгенің құқығын сыйлайтын, қоғамдық тәртіпті сақтайтын азаматтар көбейген сайын қоғамдағы тұрақтылық та нығая түседі. Заңға бағыну – қауіпсіз әрі бейбіт өмірдің негізі.

Құралбек СӘБИТОВ