Перейти к содержимому
Главная страница » Құқық — қоғам тірегі

Құқық — қоғам тірегі

Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтаған кезде қоғамдық тәртіп нығайып, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік туады. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарттарының бірі. Құқықтық мәдениет тек заңдарды білу ғана емес, оларды күнделікті өмірде орындаудан көрінеді. Қоғамдық орында тәртіп сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау және азаматтық жауапкершілікті сезіну – құқықтық сананың негізгі көрсеткіштері.
Бұл бағытта құқық қорғау органдары халықпен тығыз байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Ашық кездесулер, ақпараттық акциялар және профилактикалық іс-шаралар арқылы азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға және тұрғындардың заңға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Жастардың құқықтық тәрбиесіне де ерекше мән беру қажет. Мектептен бастап заңға құрметпен қарауды үйренген жас буын ертең қоғамның саналы әрі жауапты азаматы болып қалыптасады. Отбасы мен білім беру ұйымдарының бірлескен тәрбиесі құқықтық мәдениетті нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Заң үстемдігі – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Әрбір азамат құқықтық мәдениеттің қалыптасуына өз үлесін қосқанда ғана қоғамда тәртіп нығайып, адамдардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптасады. Заңға құрмет – елге деген құрметтің көрінісі.

Құралбек СӘБИТОВ