Перейти к содержимому
Главная страница » Тәртіп — тәрбие негізі

Тәртіп — тәрбие негізі

Қоғамдық орындардағы тәртіп – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Саябақта, көшеде, аялдамада немесе демалыс орындарында белгіленген талаптарды сақтау өзгелерге құрмет көрсетудің белгісі саналады. Тазалықты сақтау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және айналадағы адамдардың тыныштығын бұзбау – әр адамның міндеті. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қоғамдық орындарда қоқыс тастау, бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе тыныштықты бұзу сияқты әрекеттерге жол береді. Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамның ортақ мәдениетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, заң алдында жауапкершілікке де әкелуі мүмкін.
Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдары тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындарға заң талаптарын түсіндіруде. Дегенмен қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыру әр азаматтың саналы әрекетіне байланысты. Қоғамдық орын – бәріне ортақ кеңістік. Сондықтан әркім өзінен бастау алып, тәртіпке бағынса, қоғамда өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениеті қалыптасады. Тәртіпке құрмет – өркениетті қоғамның басты белгісі.

Құралбек СӘБИТОВ