Перейти к содержимому
Главная страница » Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік

Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан, жылдамдықты шамадан тыс арттырудан, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің немқұрайлылығынан орын алады. Сондықтан заң талаптарын сақтау – әркімнің азаматтық борышы.

Жүргізуші көлік құралын басқару кезінде жол белгілеріне, бағдаршам талаптарына және белгіленген жылдамдық режиміне қатаң бағынуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тағу, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбау және мас күйінде рөлге отырмау – заңмен белгіленген міндеттер.

Жаяу жүргіншілер де жол қозғалысының толыққанды қатысушысы. Олар жолды тек арнайы өткелдер арқылы, бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанғанда ғана кесіп өтуі қажет. Өзара сыйластық пен тәртіп жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі болып табылады.

Әрбір сақталған ереже – бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан жолда әрдайым мұқият болып, заң талаптарын орындау – ортақ жауапкершілік.
Қауіпсіз жол – өз қолымызда!