Перейти к содержимому
Главная страница » Инвесторлармен кездесу өтті

Инвесторлармен кездесу өтті

      Балтабай ауылында инвестициялық жобаларды қолдау және олардың жүзеге асырылу барысын талқылауға арналған инвесторлармен кездесу өтті. Жиынға аудан прокуроры Бауыржан Кибраев, аудан әкімінің орынбасары Рустам Бакиев бастаған жұмыс тобы, сондай-ақ инвесторлар мен жауапты сала өкілдері қатысты.

      Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заң талаптарына сәйкес орындалуы, кәсіпкерлердің құқықтарының қорғалуы және жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілердің туындамауы сынды мәселелер жан-жақты талқыланды.

      Аудан прокуроры Бауыржан Кибраев мемлекет тарапынан инвестициялық ахуалды жақсартуға және кәсіпкерлердің заң аясында еркін әрі кедергісіз жұмыс істеуіне барлық қажетті құқықтық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар инвесторлар тарапынан туындайтын кез келген құқықтық мәселелер бойынша прокуратура әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – басты басымдықтардың бірі екенін айтты.

    Кездесу барысында инвесторлар жүзеге асырып жатқан және алдағы уақытта іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы баяндап, жобаларды дамытуға қажетті қолдау тетіктері туралы айтты. Олар мемлекеттік органдармен өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

      Өз кезегінде Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Алипова инвесторлармен тұрақты байланыс орнатылғанын айтып, ауылдық округте жүзеге асырылатын жобалардың табысты іске асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан инвестициялық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

      Кездесу соңында тараптар инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру, өзара ынтымақтастықты нығайту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ