Қоғамдық қауіпсіздік – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі. Тыныш әрі қауіпсіз қоғам құру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Соңғы жылдары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында полиция мен тұрғындар арасындағы өзара ынтымақтастық нығайып келеді.
Қазіргі таңда учаскелік инспекторлардың жұмысы жетілдіріліп, тұрғындармен тұрақты кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар еріктілер қозғалысы, қоғамдық кеңестер мен бейнебақылау жүйелерінің кеңінен қолданылуы құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізуде.
Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін әрбір тұрғын күмәнді жағдайларды жасырмай, тиісті органдарға дер кезінде хабарлауы қажет. Өйткені қауіпсіздік – қоғам мен полицияның бірлескен жұмысының нәтижесі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

