Перейти к содержимому
Главная страница » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу – қоғамның басты ұстанымы

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу – қоғамның басты ұстанымы

Қылмыстың ең ауыр түрлерінің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбіне отбасы ішінде орын алып, ұзақ уақыт бойы жария етілмей келеді.

Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамалар күшейтіліп, жәбірленушілерді қорғау шаралары кеңейтілді. Дағдарыс орталықтарының жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жауапкершілігі артты.

Зорлық-зомбылық – жеке отбасының мәселесі емес, бүкіл қоғамның дерті. Сондықтан мұндай жағдайларға бейжай қарамай, құқық қорғау органдарына хабарлау – әр азаматтың азаматтық парызы.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ