Перейти к содержимому
Главная страница » Меншік қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Меншік қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Пәтер ұрлығы, автокөлік ұрлығы және алаяқтық фактілері азаматтардың материалдық шығынға ұшырауына себеп болады. Сондықтан жеке мүлікті қорғау мәселесіне ерекше мән беру қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға үйге бейнебақылау камераларын орнату, есік құлыптарын жаңарту, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау және әлеуметтік желілерде ұзақ уақытқа кетіп бара жатқаны туралы жарияламау ұсынылады.

Полиция қызметкерлері де тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырып, профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ