Перейти к содержимому
Главная страница » Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!

Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!

Цифрлық технологиялардың дамуы интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының көбеюіне әсер етті. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік ұйым өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтері мен ақшасын иемденуге тырысады.

Сондай-ақ қаржылық пирамидалар да халыққа үлкен қауіп төндіруде. Олар жоғары табысқа уәде беріп, азаматтардың қаражатын заңсыз жолмен жинайды.

Мамандар ешқашан банк картасының деректерін, SMS-кодтарды немесе жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге кеңес береді. Күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбей, ұйымның заңды қызметін алдын ала тексеру маңызды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ