Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол ережесін сақтамау және жүргізушілердің жауапсыздығынан болады.
Жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де байланысты. Белгіленген өткелдерді пайдалану, бағдаршам талаптарын сақтау және жолда телефонға алаңдамау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Құқық қорғау органдары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық рейдтер өткізіп, автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізіп келеді. Дегенмен ең бастысы – әр азаматтың жауапкершілігі мен тәртібі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

