Перейти к содержимому
Главная страница » Маскүнемдіктің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Маскүнемдіктің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне де үлкен зиян келтіреді. Көптеген тұрмыстық жанжалдар, жол-көлік оқиғалары және құқық бұзушылықтар мас күйінде жасалады.

Маскүнемдіктің алдын алу үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастарды спорт пен мәдени шараларға тарту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау маңызды.

Дені сау ұлт қалыптастыру – әр отбасының, білім беру мекемелерінің және мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Алкогольден бас тарту – өз денсаулығына ғана емес, жақындарының амандығына жасалған дұрыс таңдау.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ