Перейти к содержимому
Главная страница » «Таза Қазақстан»: Кесене маңы тазартылды

«Таза Қазақстан»: Кесене маңы тазартылды

Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар ұйымшылдық танытқан шараға аудан әкімінің орынбасары Ықылас Амалбек, Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Мәлік Қасымбаев қатысты.
Сенбілікке шыққандар акция барысында қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Ауыл көшелері мен қоғамдық аумақтар қоқыстан арылып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. Жастар сонымен қатар елдімекен сыртымен өтетін Қарақыстақ өзенінің жағалауы мен көпірді тазартты. Сол маңдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, арқалы ақын Сүйінбай Аронұлының кесенесі мен маңайы толықтай тазартылып, тарихи-мәдени нысанның аумағы ретке келтірілді. Бұл жұмыстар туған жерге деген жанашырлықты, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметті және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акцияға 40-қа жуық адам қатысты.
– Бүгінгі шараға ауыл жастарының белсенді қатысқаны қуантады. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, табиғатты таза ұстауға бірге атсалысайық! – деді аудан әкімінің орынбасары Ықылас Амалбек.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Қарақыстақ ауылы,
Жамбыл ауданы