Перейти к содержимому
Главная страница » САЛАУАТТЫ ӨМІР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Салауатты өмір салтын насихаттау – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Балқаш ауданында тұрғындар арасында спортпен шұғылдануды, дұрыс тамақтануды және зиянды әдеттерден бас тартуды дәріптейтін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Алкогольді шамадан тыс тұтынудың қоғамға тигізетін зияны жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтардың саны артқан сайын қоғамдық тәртіп те нығая түседі. Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында. Салауатты қоғам – қауіпсіз әрі дамыған мемлекеттің берік негізі.

Алтынай СЕЙІТКЕН