Перейти к содержимому
Главная страница » Отбасындағы зорлық-зомбылыққа «жоқ» де!

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа «жоқ» де!

     Отбасы – сыйластықтың, сенімнің және мейірімнің ордасы. Алайда өкінішке қарай, қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері әлі де кездеседі. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына ғана емес, отбасының берекесі мен балалардың болашағына да кері әсерін тигізеді.

     Отбасылық зорлық-зомбылық – заңмен қудаланатын құқық бұзушылық. Зорлықтың кез келген түрі – дене күшін қолдану, психологиялық қысым көрсету, қорқыту, экономикалық немесе жыныстық сипаттағы қысым жасау – адам құқықтарының бұзылуы болып табылады.

     Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және құқық бұзушыларға заң аясында шара қолдану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Азаматтарды зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға, мұндай жағдай орын алған кезде құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырамыз.

      Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Өзара құрмет пен түсіністікке негізделген отбасы ғана мықты қоғамның негізі бола алады.

Медина АЙТУОВА, Еңбекшіқазақ АПБ Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты