Перейти к содержимому
Главная страница » Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

Әрбір бала қауіпсіз әрі мейірімді ортада өмір сүруге құқылы. Сондықтан балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта отбасы, білім беру ұйымдары және құқық қорғау органдары бірлесе әрекет еткенде ғана оң нәтиже болады. Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ата-аналар баласына өз құқықтарын, қауіпсіздік ережелерін және бөтен адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетін үйретуі қажет. Ашық әңгіме мен өзара сенім балаға түрлі қауіптің алдын алуға көмектеседі. Қазіргі таңда балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектептерде, балабақшаларда және басқа да білім беру ұйымдарында профилактикалық кездесулер жиі өткізіледі. Мұндай шаралар балалардың құқықтық сауатын арттырып, қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.Сонымен қатар ересектер де балаларға қатысты кез келген заңсыз әрекетке немқұрайлы қарамауы тиіс. Егер балаға қауіп төніп тұрғаны байқалса, бұл туралы тиісті органдарға дереу хабарлау – әр азаматтың азаматтық борышы. Балалардың қауіпсіздігі – елдің болашағына салынған инвестиция. Әрбір бала өзін қорғалған сезінетін қоғамда ғана дені сау, білімді әрі жауапты ұрпақ қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың амандығына бірге жауапкершілікпен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Құралбек СӘБИТОВ