Перейти к содержимому
Главная страница » Цифрлық қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

Цифрлық қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

Дардамты ауылында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Бұл бастаманы ауыл жастары қолға алып, тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, күнделікті өмірде кездесіп жүрген интернет қауіптері туралы әңгіме өрбітті.

Жастар тұрғындарға алаяқтардың қалай әрекет ететінін мысалдар арқылы түсіндірді. Соңғы кезде жиілеп кеткен жалған сілтемелер, бейтаныс нөмірлерден келетін хабарламалар, «ұтыс ұттыңыз» деген сияқты алдау тәсілдері сөз болды. Әсіресе жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін ешкімге бермеу керектігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қорғану жолдары жазылған шағын жадынамалар таратылды. Онда күмәнді сілтемелерді қалай ажырату, алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек екені қарапайым тілмен көрсетілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасады. Себебі интернеттегі қауіп күн сайын өзгеріп отырады, ал одан сақтану үшін ақпараттан хабардар болу маңызды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ