Есірткінің зияны туралы ақпаратты тек арнайы кездесулерде ғана емес, күнделікті өмірде де насихаттау қажет. Ата-ананың тәрбиесі, ұстаздың ақылы және қоғамның қолдауы жастардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Баламен сенімді қарым-қатынас орнату көптеген қауіптің алдын алады. Құқық қорғау органдары заңсыз есірткі айналымының жолын кесумен қатар, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізуде. Мұндай шаралардың басты мақсаты – азаматтарды қылмыстық әрекеттен сақтандырып, қоғамда есірткіге мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Есірткіден бас тарту – тек денсаулықты сақтаудың ғана емес, жарқын болашақты таңдаудың көрінісі. Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін әрбір азамат зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосуы тиіс.
Айзада БАЙДӘУЛЕТОВА
