Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Stop Corruption» атты жастар акциясы өтті.
Іс-шара Талғар қаласындағы «Жеңіс» саябағында ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Акцияның мерекелік көңіл күйін мәдениет үйінің өнерпаздары көтеріп, көпшілікке әсем әндерін тарту етті. Аталған акцияға спикер ретінде Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Полиция басқармасының өкілдері сөз сөйлеп, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздіктің маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар арасында асық ату және үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ерзат АСЫЛ

