Перейти к содержимому
Главная страница » Оңай олжа жоқ!

Оңай олжа жоқ!

Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері күн санап көбейіп келеді. Қылмыскерлер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі айла-тәсілдер арқылы олардың қаражатын заңсыз иемденуге тырысады. Осындай жағдайлардың алдын алуда қаржылық сауаттылықтың маңызы ерекше. Көп жағдайда алаяқтар адамдарды асықтырып шешім қабылдатуға тырысады. Олар телефон арқылы өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, жеке деректерді немесе банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, ақпараттың дұрыстығын ресми арналар арқылы тексеру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс», «жоғары пайыздық кіріс» немесе «бір күнде ақша көбейту» сияқты ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Заңды қаржы ұйымдары ешқашан қысқа мерзімде кепілдендірілген жоғары табысқа уәде бермейді. Сондықтан кез келген инвестициялық ұсынысты жан-жақты зерттеп барып шешім қабылдау маңызды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы