Құрылтай – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды алаң. Мұнда көтерілген әрбір мәселе мен ұсыныс халықтың сұранысынан туындап, мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындауға ықпал етеді.
Бүгінде қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелер, өңірлердің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, білім мен мәдениет, рухани құндылықтарды сақтау секілді өзекті тақырыптардың Құрылтайда кеңінен талқылануы – елдің жан-жақты дамуына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Меніңше, Құрылтайдың басты құндылығы – түрлі көзқарастардың тоғысып, ортақ мақсатқа қызмет етуінде. Себебі халықтың пікіріне сүйеніп қабылданған шешімдер ғана өміршең болады. Сондықтан Құрылтайда айтылған бастамалардың нақты іске асуы елдің тұрақты дамуына, қоғамның бірлігіне және азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуына берік негіз қалайды.
Гульмария ТОЙШЫБЕКҚЫЗЫ

