Перейти к содержимому
Главная страница » Көрші ақысы — тәңір ақысы

Көрші ақысы — тәңір ақысы

Адамның қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне көршілік қарым-қатынастың да әсері бар. Бір үйде немесе бір аумақта тұратын адамдардың өзара сыйластығы қоғамдық тыныштықты сақтауға көмектеседі. Көршілердің бір-біріне құрметпен қарауы, ортақ аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарауы және тыныштықты сақтау – қарапайым мәдениеттің белгісі. Кейде тұрмыстық сипаттағы шағын түсініспеушіліктер уақытында шешілмесе, үлкен жанжалға айналып жатады. Сондықтан мәселені айқаймен емес, сабырлы әңгімемен шешуге ұмтылған дұрыс.
Көршіге көмек көрсету, қарт адамдардың жағдайына назар аудару, балалардың қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілікпен қарау да маңызды. Тату көршілік – қоғамдағы өзара сенімді күшейтеді. Ал тыныш аула мен берекелі орта әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.

Құралбек СӘБИТОВ