Перейти к содержимому
Главная страница » Қоғамдық мүлік — өз мүлкің

Қоғамдық мүлік — өз мүлкің

Мемлекет немесе қоғам игілігіне пайдаланылатын нысандар баршаға ортақ. Аялдама, орындық, балалар алаңы, жарықтандыру жүйесі және басқа да қоғамдық мүлік тұрғындардың күнделікті өміріне қызмет етеді. Өкінішке қарай, кейде ортақ мүлікке ұқыпсыз қарау, оны бүлдіру немесе мақсатсыз пайдалану жағдайлары кездеседі. Мұндай әрекет жеке адамға емес, бүкіл қоғамға зиян келтіреді.
Балалар алаңындағы сынған құрал немесе бүлінген орындықты қалпына келтіруге бюджеттен қаржы жұмсалады. Яғни бір адамның жауапсыз әрекетінің салмағын кейін қоғам болып көтеруге тура келеді. Сондықтан қоғамдық мүлікке жеке затымыздай қарау – азаматтық мәдениеттің көрсеткіші. Тазалық пен тәртіпті сақтау да осы жауапкершіліктің бір бөлігі. Ортақ дүниені қорғау – өзің тұратын елді мекенге деген құрмет. Қоғамдық мүлікке ұқыпты қараған жерде мәдениет те, тәртіп те жоғары болады.

Құралбек СӘБИТОВ