Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткі — өлімге жетелейді

Есірткі — өлімге жетелейді

Есірткі қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін күрделі мәселе. Оның таралуына қарсы күрес құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Есірткіге әуестік адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, оның отбасымен және қоғаммен байланысына да кері әсер етеді. Сондықтан алдын алу жұмыстары ерте басталуы керек.
Жастарға есірткінің шынайы салдарын түсіндіру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа, білімге, өнерге қызығушылығын арттыру маңызды. Сонымен қатар есірткіні таратуға байланысты заңсыз әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін жастар білуі тиіс.
Есірткісіз орта қалыптастыру үшін әр отбасы мен әр білім беру ұйымының өз үлесі бар. Салауатты таңдау – қауіпсіз болашақтың негізі.

Құралбек СӘБИТОВ