Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтана бастаған. Түтіндеген аумаққа дер кезінде топырақ пен су себіліп, өрттің таралуына тосқауыл қойылды.
Оқиға 9 тамыз күні тіркелген.
Оны ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен жеке ұйым тарапынан 11 қызметкер және 7 техника, оның ішінде 1 тиегіш, 1 экскаватор, 1 су таситын көлік және 4 самосвал тартылды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері аумаққа су бүркіп, топырақпен көмді. Рекультивациялау жұмысы жүргізілді. Сағат 19:00-де қоқыстың бықсуы толықтай жойылды.
Оқиғадан елдімекен тұрғындарына қауіп төнген жоқ. Қазіргі таңда жағдай тұрақты және толық бақылауда.

