Перейти к содержимому
Главная страница » Қылмыстың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Қылмыстың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Қылмыстың алдын алу – азаматтардың өмірі мен құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін профилактикалық шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекше назарда болады. Отбасындағы жанжалдардың асқынуына жол бермеу үшін түсіндіру және қолдау жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсету маңызды. Әр адам өз құқығын біліп, заң талаптарын сақтауы қажет. Қоғам мүшелерінің құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы оның алдын алуға ықпал етеді. Күдікті жағдай туралы уақытылы хабарлау келеңсіз оқиғаның алдын алуы мүмкін. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік те қауіпсіз ортаның негізін қалыптастырады. Балалар мен жастарға құқықтық тәрбие берудің маңызы зор. Құқықтық сауаттылық артқан сайын азаматтардың жауапкершілігі де күшейеді. Қауіпсіз қоғам құру – әр адамның ортақ үлесін талап ететін міндет.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ