Перейти к содержимому
Главная страница » Мүлік қауіпсіздігі – сақтықтан басталады

Мүлік қауіпсіздігі – сақтықтан басталады

Өз мүлкін қорғау әр азаматтың күнделікті өмірдегі жауапкершілігінің бір бөлігі. Ұрлық пен басқа да мүліктік құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Үйден шығар алдында есік пен терезенің дұрыс жабылғанын тексерген жөн. Бағалы заттарды бейтаныс немесе бөгде адамдардың көз алдында қалдырмаған дұрыс. Бейнебақылау жүйелерін пайдалану да қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты шамадан тыс жариялау да белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін. Сондықтан тұрғындар өздерінің мекенжайы мен мүлкі туралы ақпаратты жариялауда абай болғаны жөн. Көршілердің бір-біріне қолдау көрсетуі де қауіпсіздікке оң әсер етеді. Күмәнді жағдай байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажет. Құқық қорғау органдары тарапынан профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сақтық пен жауапкершілік көптеген қауіптің алдын алуға көмектеседі. Мүлікті қорғау – ең алдымен адамның өз қауіпсіздігіне деген ұқыпты көзқарасынан басталады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ