Перейти к содержимому
Главная страница » Интернеттегі алаяқтықтан сақтанайық

Интернеттегі алаяқтықтан сақтанайық

Цифрлық технологиялардың дамуы интернеттегі қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінің пайда болуына да әсер етті. Алаяқтар азаматтарға түрлі тиімді ұсыныстар жасап, олардың сеніміне кіруге тырысады. Соның ішінде жоғары табысқа кепілдік беретін қаржы пирамидалары да қауіп төндіреді. Кез келген инвестициялық ұсынысты қабылдамас бұрын оның заңдылығын тексеру қажет. Банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтуден де сақ болған жөн. Бейтаныс адамдардың телефон арқылы берген нұсқауларына бірден сенуге болмайды. Қаржылық ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған дұрыс. Оңай әрі тез пайда табуға уәде беретін ұсыныстарға ерекше сақтықпен қарау қажет. Цифрлық сауаттылықты арттыру интернеттегі қауіптердің алдын алуға көмектеседі. Күмәнді әрекетке тап болған жағдайда тиісті мекемелерге хабарлаған жөн. Қаржылық қауіпсіздік – әр азаматтың өз қаражатына жауапкершілікпен қарауынан басталады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ