Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Балқаш ауданы Полиция бөлімі профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Балқаш ауданы Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Әбдібеков Шәкәрім Ерланұлы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Балқаш аудандық филиалында азаматтармен кездесу өткізіп, интернеталаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ интернет арқылы қаржылық операцияларды жүзеге асырмас бұрын ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарға кибералаяқтардан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратып, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Балқаш ауданы Полиция бөлімі тұрғындарды қырағылық танытуға және алаяқтық белгілері анықталған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырды.
Алтынай СЕЙІТКЕН

