Перейти к содержимому
Главная страница » «Таза Қазақстан»  – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік!

«Таза Қазақстан»  – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік!

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Осы бастама аясында Балқаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етумен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысуда.

Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығы Нұрбол Қамаубаевтың айтуынша, тазалықты сақтау  – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі мен мәдениетінің айқын көрінісі. Осы орайда полиция қызметкерлері де өз тарапынан тазалық сақтау, табиғатты аялау жұмыстарына белсене қатысып, тұрғындарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қоғамдық орындарды ластауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастауға және абаттандыру қағидаларын бұзуға жол берілмейтіндігін ескертті. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау  – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Әр азамат өз ауласының, көшесінің, елді мекенінің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаға жанашырлық танытқанда ғана елімізді таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз.

Алтынай СЕЙІТКЕН