Перейти к содержимому
Главная страница » «ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» – САЛАУАТТЫ ӨМІРДІҢ КЕПІЛІ

«ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» – САЛАУАТТЫ ӨМІРДІҢ КЕПІЛІ

Ауылдың берекесі – оның тұрғындарының татулығы мен тұрмыс-тіршілігінің тыныштығы. Осы мақсатта өңірде ішімдіктің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған түрлі бастамалар жүзеге асырылуда.

«Ішімдіксіз ауыл» акциясы – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Оның негізгі мақсаты – алкоголь өнімдерін тұтынудың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Ішімдікке тәуелділік адамның өзіне ғана емес, оның отбасына, жақындарына және жалпы қоғамға кері әсер етеді. Мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтар, тұрмыстық жанжалдар, жол-көлік оқиғалары мен түрлі жазатайым жағдайлардың алдын алуда мұндай түсіндіру шараларының маңызы зор.

Акция аясында тұрғындармен кездесулер өткізіліп, мамандар алкогольдің адам денсаулығына және әлеуметтік жағдайына тигізетін зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру – баршамызға ортақ міндет.

Ішімдіксіз ауыл – тек алкогольден бас тарту емес. Бұл – тыныштықты, отбасылық берекені, денсаулықты және қауіпсіздікті таңдаудың көрінісі.

Салауатты ұрпақ тәрбиелеп, қауіпсіз орта қалыптастыру әр азаматтың өзінен басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН